Жарнама
"ATYRAÝ"-ға 100 жыл!ЖаңалықтарСаясатЭкономикаҚоғам

Ауылға газет дронмен жеткізілсе екен…

Аудан орталығынан отыз үш шақырым қашықтықта «Индер-Қарабау-Миялы» тас жолының бойында орналасқан Кетебай ауылында 10 үйде 46 адам тұрады.

d6f811fd0c668b06401e12f22b91eabb_XL

Осындағы сол он шақты үйдің мұржасынан шыққан қою түтін ауыл тірлігін білдіреді. Осындағы заманауи үлгідегі жаңа пәтер «Ақтөбе» шаруа қожалығының басшысы Қуаныш Естайдың шаңырағында тұрғындармен өткен кездесуде, олар бірауыздан барлық атқарылған істерге риза екендіктерін, дегенмен де ұялы байланыс пен интернет желісін жүргізуді жолға қою кетебайлықтардың басты сұранысы екені жеткізді. Қайткенмен де мұнда ұялы байланыста жоқ, тек адамдар спутниктік телефонды тұтынуда.

Айта кетейік кетебайлықтардың баспасөзбен байланыстары үзілген. Тек газетті ауданға қатынаған кездері оқиды екен. Тұрғындар ауылда интернет жүйесі жетпегендіктен, осындай шалғай ауылдарға хат-хабарды дронмен жеткізілсе екен деген ұсыныстарын білдірді. Шағын ауылда өткен кездесу жиынын аудан әкімінің орынбасары Қ.Нұрлыбаев қорытындылап, көтерілген арнайы сұрақтарға тиісінше жауап беріп, әрбір айтылған ұсыныс-пікір аяқсыз қалмайтынын жеткізді.

Д.ҚАБИ.

Жарсуат округі,

Индер ауданы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button