Аутодеструктивті мінез-құлық: жасөспірімдерге қалай көмектеміз?
Қоғамдағы заманауи тенденциялар балалардың қауіпсіз мінез-құлқының алдын алуға бағытталған іс-шараларды мұқият жоспарлауды, балаларға қарсы қылмыстардың, өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерінің және аяқталған суицид жағдайларының заманауи статистикасы осы мәселені шешудің жаңа жолдарын іздеуді талап етеді. Осы талап аясында Атырау қаласында «Білім беру мекемелеріндегі кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің арасындағы аутодиструктивтік мінез-құлықтың себебін анықтау және психологиялық денсаулығын нығайту» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Облыстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарованың хабарлауынша, семинар жұмысына облыстың білім беру ұйымдарының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен педагог-психологтары және сынып жетекшілері қатысты.
Семинарда сөз алған аталған басқарма басшысының орынбасары Орынтай Биманова педагог — психологтарды үнемі ізденіп, жан-жақты дамып отыруға шақырды.
Жиын барысында «Аутодеструктивті мінез-құлыққа бой алдырмаудың шаралары», «Балалар мен жасөспірімдегі депрессивтік бұзылыстар», «Мектепте қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету аутодиструктивті мінез-құлықтың алдын-алу жолдары», «Өзіңді сақта: Аутодеструктивті мінез-құлықтан ішкі тепе-теңдікке», «Ашу-ыза билегенде не істеу керек?» тақырыптары кеңінен талқыланып, қатысушылардың сауалдарына жауаптар берілді.