![Ауа райының қолайсыздығына байланысты Атырау облысында автожол жабылды 1 8757](https://atr.kz/wp-content/uploads/2023/02/8757.png)
Жаңалықтар
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Атырау облысында автожол жабылды
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлады.
«8 ақпан күні сағат 09:00-ден бастап «ҚазАвтоЖол» АҚ деректері бойынша ауа райының нашарлауына байланысты (қар, көктайғақ) Республикалық маңызы бар А-27 «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» автокөлік жолдарының 616км -779 км (Атырау қаласынан Зинеден селосына дейін) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды», — делінген хабарламада.
Атырау облысы ТЖД осы бағытта жол жүруден бас тартуды және 112 қызметі жіберетін СМС хабарламаларды ескеруді сұрайды.