Жарнама
ЖаңалықтарЭкология

Ауа райын болжаушылар шұғыл мәлімдеме жасады

Қазақстанда 27 ақпан – 1 наурыз аралығында күн жылынады, деп хабарлады Қазгидромет.

Алдағы үш күнге болжам жасаған синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік-батыс циклонының әсерінен ауа температурасы көтеріледі. Күндіз батыс өңірлерді қоспағанда, ауа райы айтарлықтай жылынады.

«Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысынан басқа жерлерде қар-жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейіп, боран соғады», — деп хабарлады Қазгидромет.

26 ақпанда республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы, кей жерлерде қар жауады, батыста жаңбыр, қар жауады. Тек еліміздің оңтүстігі мен солтүстігінде жауын-шашын түспейді. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасындатып, жел күшейеді. Еліміздің көптеген өңірінде дабылды ескерту жарияланды.

Айта кетейік, бұған дейін  Қазақстанда облыстық және республикалық маңызы бар жолдардың 50-ден астам учаскесі жабылды. ТЖМ көлік жүргізушілерінен аса қажеттілік болмаса, жолға шықпауды сұрады.

«Спутник.кз»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button