Жарнама
ЖаңалықтарМәдениетСаясатҚоғам

«Аtyray» газеті «ArmandaSTAR» арнайы қосымшасын ашты

Жастар дегенде ойымызға әуелі елдің ертеңі, мемлекеттің болашағы түседі. Мағжан ақынның «Мен жастарға сенемін» деген сөзі де бірден ойға орала кететіні жасырын емес. Бүгінгі жастар бәсекеге қабілетті, өркениетке бейім болуы керек. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап жастар саясаты жемісті жұмыс атқарды. Олардың мүддесін қорғап, білім алып, қоғамның толыққанды мүшесі болуын көздейтін  мемлекеттік бағдарламалар қабылданды. Енді, міне, кейінгі буынға жан-жақты қолдау көрсетіп, олардың болашағынан зор үміт күтетін Мемлекет басшысы биылғы жылды «Жастар жылы» деп жариялады.

Осыған орай «Аtyray» газеті  аймақ жастарына арналған «ArmandaSTAR» арнайы қосымшасын шығаруды қолға алды. Газет ішіндегі газет жастарды қолдауға арналған тың жобалар, рухани және жеке тұлға ретінде дамытуды көздейтін бастамалар, олардың барлық санатына қатысты жаңалықтар мен креативті ой-пікірлер  алаңына айналады деген ойдамыз.

Редакция.

Zhas times форум выпускников НИШ (151)

Сенің жылың, дүниені таң қалдыр!

Саған сенбей, кімге елің сенеді,

Елбасы өзі «Жастар жылы» деп еді.

Тас қабақтың тас-талқанын шығарған,

Анау жылы желтоқсанда сен едің.

 

Кей бауырым кеткен кезде бөсіп бір,

Қантөгіссіз келді еркіндік десіп тұр.

Шып-шып аққан жас қаныңның орнына,

Әне, әнеки, қызыл гүлдер өсіп тұр.

 

Алматыда салар ойға кекті алаң,

Жүрек жылап, мен де жиі еске алам.

Өсіп-толып, ырғалғанда гүл біткен,

Сол кездегі өздерің бе деп қалам.

 

«Жастар жылы» жасқа сенсе мұратты ел,

Баға жетпес құндылығын құрап кел.

Қала-дала тыңнан тауып ажарын,

Жүрегіңе жақындасын жырақ бел.

 

Еркін өскен балауса-бал құрақтар,

Артығы жоқ, өз жеріңді ұнат бар.

Еге болып, ел сүйсінер іс тындыр,

Қойылмайтын күмәнді бір сұрақтар.

 

Сендер ашар жаңалықтар жетеді,

Мезгілі осы, дейтіні жоқ кеш еді.

Бабалардан басты аманат туған жер,

Келімсектер келеді де кетеді.

 

Саған сенбей кімге сенсін Ұлы елің,

Осы елде тудың, өстің, түледің.

Түлетемін деген арман-үміттің,

Деп  қол жайдық: «Құдай берсін тілегін!».

 

Ордалы Отан, намыс, қайрат, от берді,

Мәңгіліктей мәнін жоймас  көшке ерді.

Сенің мынау меншіктеген жылыңа,

Ұлы дала «жеті қыры» дөп келді.

 

Тірлік болсын алды қиын, арты бақ,

Өзгеде емес, өз мойныңда бар сынақ.

«Жеті қырлы» талантыңа тап келген,

Жер мен көктен, қыр мен ойдан жарқырат!

 

Саған сенді үйірілген жас құйын,

Бірігер сәт жұдырықтай тас түйін.

Баба рухтар сені қосқан бәйгеде,

Сана шаршап, сансырасын  жас миың.

 

Ей, жас тұлпар, шағың келді самғар бір,

Сұңқар-сұлу, сенен тамсын заңғар нұр.

Алаш жұрты алақайлап қуансын,

Сенің жылың, дүниені таң қалдыр!

Таңатар ДӘРЕЛҰЛЫ.

       Құрманғазы ауданы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button