Жарнама
Жаңалықтар

«Atyraý» – алда!

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ 2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ДАМУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ МАҚСАТЫНДА ЖУРНАЛИСТИКА САЛАСЫ БОЙЫНША «ШАҢЫРАҚ» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ ЖАРИЯЛАНҒАН ЕДІ. ОНДАҒЫ МАҚСАТ – ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ МАТЕРИАЛДАРДЫ ЖАЗЫПКӨРСЕТЕТІН ЖУРНАЛИСТЕРДІ ЫНТАЛАНДЫРУ АРҚЫЛЫ ОТАНДЫҚ ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ ДАМУЫНА ЖӘРДЕМДЕСУ.

Сәрсенбі күні конкурстың қорытындысы шығарылып, ұйымдастырушы тарап – Атырау облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жеңімпаздарды марапаттады. Мекеме директоры Ләззат Жылқышиеваның айтуынша, облыстық байқауға барлығы 11 өтінім түскен. Оларды сараптай келіп, материалдың байқау тақырыбына, беру ерекшелігі мен объективтілігіне және қоғамдағы маңызына мән берілген.

Белгіленген 7 номинация қоғамдық келісім мен жалпыхалықтық бірліктің қазақстандық моделінің мәнін ашуға, Ассамблея мен оның құрылымдарының қызметін ашып көрсететін, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі бағыттарын ашып көрсету, «Біздің арамыздағы батырлар» жобасы аясында, мемлекеттік тілді насихаттау және оның қолданылу аясын кеңейту, сондай-ақ қайырымдылықты дамыту тақырыптарына арналған. Оған қоса, БАҚ қызметкерлерін ынталандыру номинациялары да бар. Сарапшылардың ұйғаруымен б а й қ а у д ы ң ы н т а л а н д ы р у номинациялары Құрманғазы аудандық

«Серпер» газетінің бас редакторы Айнагүл Шакуповаға, облыстық «Прикаспийская коммуна» газетінің тілшісі Надежда Шильманға, Мақат аудандық «Мақат тынысы» газетінің бас редакторы Мөлдір Ізтұрғановаға және облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газетінің редакциясына бұйырды. Облыстық байқаудың ІІI орын жүлдесіне «Үздік фотограф» аталымы бойынша Ерлан Алтыбаев, «Үздік блогер» номинациясы бойынша Әділет Амангелді ие болды. Ал, «Прикаспийская коммуна» газетінің тілшісі Светлана Новак пен «atr.kz» сайтының редакторы Амандық Абдоловтың еңбегі ІІ орынға лайық деп танылды.

«Шаңырақ» байқауының І орын жүлдесі облыстық «Атырау» қоғамдықсаяси газетінің бас редакторы Назарбек Қосшиев пен «Үздік басылым» номинациясы бойынша «Былина» орыс этномәдени бірлестігінің басылымына берілді. Жеңімпаздар ескерткіш сыйлықтар, арнаулы дипломдар және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Облыстық байқауда ең үздік деп танылған материалдар 1 қарашаға дейін республикалық конкурсқа жолданады.

Өз тілшіміз

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button