Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Атыраулықтарды алдаған алаяқ Алматыдан ұсталды

Аtr.kz/18 маусым, 2020 жыл. Атырау облысының полицейлері салымшыларды алдаған «НұрАлиКапитал» ЖШС құрылтайшысын Алматы қаласынан ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған серіктестіктің құрылтайшысы Алматы қаласында ұсталып, Атырауға жеткізілген.

«Күдіктіге биылғы ақпанда халықаралық іздеу жарияланған-ды. Оны атыраулық полицейлер 16 маусымда Алматы қаласынан тауып, ұстады. Ол Атыраудағы салымшыларды алдап, жылжымалы мүлік пен ақшаны иемденіп кеткен», — дейді облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Нұрхат Оразбаев.

Оның айтуынша, Атырауда тергеу соты «НұрАлиКапитал» ЖШС құрылтайшысына қатысты қамауға алу шарасын санкциялаған. Қазір полиция департаментінің жедел-тергеу тобы қылмыстық істі қтергеп жатыр. Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау полициясы жарты тоннадан астам бекіре тиелген көлікті ұстаған еді.

http://atr.kz/bez-rubriki/karantindegi-qoldau-shygys-europa-men-ortalyq-azi%d1%8f-elderi/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button