whatsapp image 2020 07 08 at 14.31.59

Атыраулықтар мобильді қосымша арқылы медициналық қызметке баға бере алады

Жаңалықтар Медицина

Atr.kz / 9 шілде, 2020 жыл. Елімізде  «Qoldau-24/7» мобилді  қосымшасы іске қосылды, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. 

Аталмыш қосымшаның басты қызметі халыққа медициналық көмек бойынша кеңестер беру, азаматтардан шағымдар мен өтініштерді қабылдау. Сонымен қатар,  медициналық қызметтің сапасына баға беруге мүмкіндік туғызу. Мамандардың айтуынша, қазіргі жағдайда  тұрғындар мен медицина қызметкерлері арасында кері байланысты қамтамасыз ету үшін «Qoldau-24/7» қосымшасы ең тиімді тәсіл.

–    Қауіпті індетпен күрес жүргізіліп жатқан бүгінгі қиын кезеңде «Qoldau-24/7»  қосымшасы тұрғындар тарапынан  сұранысқа ие болады деп сенеміз. Өйткені, бұл 1406 байланыс орталығының аналогы саналады.  Мұнда азаматтардан келіп түскен барлық өтініштер өңделіп, тіркеу нөмірімен өтініштер тізіміне түседі.

Бұдан бөлек, арыз-шағымдарға  мониторинг жүргізіліп, қажет болған жағдайда белгіленген мерзімде шешім қабылдау үшін сараптамалық бағалауға жіберіледі.  Кейін  аталған мобилді қосымша арқылы өтініш берушінің аккаунтында жауап берілетін болады, – деп түсіндірді   «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ облыстық филиалының Халықты ақпараттандыру және азаматтардың өтініш қарау бөлімінің басшысы Алмаз Каримжанов. 

Айта кетейік, «Qoldau-24/7»  мобилді қосымшасын Android смартфондары үшін Play Market арқылы, Apple смартфондары үшін App Store арқылы жүктеп алуға болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған