Атыраулықтар мерекелік медальмен марапатталды (+ФОТО)

129204935 1111735395927792 321344066243676478 n Жаңалықтар

ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай ел дамуы мен өңірдің гүлденуіне елеулі үлес қосқан бір топ азамат марапатталды.⠀

Шараға Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов және түрлі сала бойынша мекеме басшылары қатысты. Оларға ең алдымен «Ұлт лидері» атты арнайы дайындалған деректі фильм көрсетілді.

Одан кейін сөз алған аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов: «Тәуелсіздік» және «Нұрсұлтан Назарбаев» ажырамас ұғымдар деген пікірді жиі естиміз. Оған толықтай негіз де бар. Өйткені, Елбасы – мемлекеттігімізді қалыптастырған тарихи тұлға. Тәуелсіздік жылдары барлық салада теңдесі жоқ ауқымды жобалар жасалды. Елбасы идеясынан бастау алған іргелі жобалардың барлығы тікелей өзінің бақылауымен, басшылығымен жүзеге асырылды.Қазақстанның дамуы мен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саяси тұлғасына халқымыз ғана емес, әлем қайраткерлері де оң бағасын беріп келеді,- деді.⠀

Одан соң бір топ азамат «ҚАЗАҚСТАН КОНСТИТУЦИЯСЫНА – 25 ЖЫЛ» мерекелік медалімен және облыс әкімінің АЛҒЫС ХАТЫН алды.⠀

Ал «Ембімұнайгаз» АҚ басқарма төрағасы Есен ҚАЙРЖАН, Облыстық Мәслихат депутаты, «Атырау Жарық» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы Оразғали ҚАРШЕГЕНОВ, «Нефтестройсервис ЛТД» ЖШС бас директоры, құрылтайшысы Ибрагим АҚДРАШЕВ, «Сазанқұрақ» ЖШС бас директорының орынбасары Әлібек СЕМҒАЛИЕВ ҚР Президенті жарлығы бойынша «ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ» мерекелік медалімен марапатталды.

128589614 1111735239261141 4390918313998304799 n
128570107 1111735282594470 2438262467678629234 n
127639750 1111735305927801 568768502089426301 n
128551497 1111735175927814 6939294756201225663 n
128406301 1111735392594459 36958999263365961 n
128759440 1111735189261146 3415221951881497019 n
128364443 1111735235927808 9125025135752049580 n
128582352 1111735349261130 1012518214837542442 n
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз