Атыраулықтар медициналық сақтандыру бойынша тегін оңалтудан өте алады
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің арқасында 2021 жылы Республика бойынша медициналық оңалтуды қаржыландыру 2019 жылмен салыстырғанда 9 есеге – 55,8 млрд теңгеге дейін ұлғайып отыр. Ағымдағы жылдың 4 айы ішінде Қор 14 млрд теңгеден астам сомаға оңалту қызметтерін төлеген.
«Жарақат пен созылмалы аурулардан кейін адам әдеттегі ырғағына және өмір салтына оралып, жоғалған қабілеттерін қалпына келтіруі керек. Кейде адамдар медициналық оңалтуды қымбат әрі қол жетімсіз деп қате ойлайды, емдеудің осы кезеңдерін елемейді» — деп түсіндірді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау болысы бойынша филиалының спикері «Атырау қалалық № 1 поликлиникасы» директоры Әсия Төлегенқызы Нарымбаева.
«Атырау қалалық № 1 поликлиникасында» 2021 жылдың басынан бастап күндізгі және тәуліктік стационарларда 210-нан астам пациент оңалту емінен өтті. Амбулаториялық деңгейде 30 — дан астам науқасқа оңалту қызметі көрсетілді.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында медициналық оңалту кімдерге көрсетілетіндігі және де оны МӘМС жүйесінде қалай тегін өту керектігі туралы сұрақтарға қор филиалының спикері, «Атырау қалалық № 1 поликлиникасы» директоры Әсия Төлегенқызы жауап берді:
Әсия Төлегенқызы Медициналық оңалту кімдерге тиесілі?
— Науқас бірнеше жағдайда медициналық оңалтуды ала алады:
— негізгі немесе созылмалы ауруды емдеуден кейін;
— КВИ пневмониясынан кейін;
— хирургиялық араласулардан кейін;
— жарақаттан кейін;
— адамның өмірлік белсенділігін шектейтін жағдайларда.
Медициналық оңалту қай кезде тегін көрсетіледі?
- тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде – негізгі ауруды, сондай-ақ туберкулезбен ауыратындарды емдеу кезінде;
- міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (МӘМС) – аурулар мен проблемалардың халықаралық жіктемесі бойынша аурулар тізбесіне сәйкес (https://mkb-10.com/).
Алғаш рет оңалтудан өту үшін қайда жүгіну керек?
- Медициналық көмектің кез келген түрін алу сияқты, оңалту қызметтерінен өту үшін тіркелген жері бойынша емханаға учаскелік дәрігерге жүгіну қажет.
Медициналық оңалтудың қандай кезеңдері бар?
— Операциядан кейін, жарақаттан кейін және аурудың өткір кезеңінде науқастарға арнайы стационарлар негізінде.
— Науқастар үшін мамандандырылған оңалту орталықтарында, көп бейінді стационарларда ауру басталғаннан бастап 9 ай ішінде.
— Емханалар, күндізгі және тәулік бойы жұмыс істейтін стационарлар, Оңалту орталықтары, санаторий-курорттық ұйымдар, үйдегі стационарлар негізінде, сондай-ақ қашықтықтан. Курстың жиілігі мен ұзақтығы жеке анықталады.
Кімдер және қалай коронавирустан кейін қалпына келе алады?
- Коронавирустық инфекциямен және ауырлығы ауыр және орташа дәрежедегі пневмониямен ауырып жазылған барлық қазақстандықтар, олардың үйде немесе ауруханада емделгеніне қарамастан, постковтық оңалтуға сене алады.
- КВИ немесе әртүрлі ауырлықтағы пневмониямен ауыратын науқастар тәулік бойы стационар, санаторий-курорттық жағдайлар, күндізгі стационар негізінде және амбулаториялық-емханалық деңгейде 2 және 3 кезең оңалтуға жатады.
Егер сіздің ойыңызша орынсыз оңалту қызметтерінен бас тарту жағдайларына тап болсаңыз, онда жағдайды анықтау үшін Қорға 1406 байланыс орталығына, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасына жазуға немесе fms.kz сайты арқылы хабарласуыңызға болады.