Атыраулықтар балконға шығып Гимн шырқады (+ВИДЕО)

snimok 3 БЕЙНЕЖАЗБА

Atr.kz/3 сәуір, 2020 жыл. Осы қазір ғана сағат тілі кешкі 22.00-ден аса бере Атыраудағы көпқабатты үйлердің тұрғындары бір мезетте балконға шығып, Мемлекеттік Гимнді қосыла шырқады.

https://youtu.be/0gjvn3wrtXw

Мәселен, Сұлтан Бейбарыс даңғылында орналасқан №№18, 19, 19 «а», 25, 27 үй тұрғындары Әнұранмен бірге, «Атырау» телеарнасының жүргізушісі Нұржан Өмірбайдың сөзіне жазылған «Мен – қазақпын» және басқа да осы секілді патриоттық әндерді әуелетті. Осы орайда, «Atr.kz» сайтының тілшісі «Мемлекеттік рәміздерді насихаттау жөніндегі ұлттық орталықтың» атқарушы директоры Руслан Хамзаның пікірін білген еді.

-Жалпы, Гимн мемлекеттік болғандықтан, оны орындаудың өзіндік реті мен ережесі бар. Бұл нормалар заңмен бекітілген. Сондықтан, патриоттық сезімін білдіргісі келгендер оның орнына Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін айтуына әбден болады.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі де бұл тақырыпқа қатысты ойын «Твиттердегі» парақшасында білдірген еді:

img 20200403 wa0111

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

http://atr.kz/bez-rubriki/atyraulyқ-oқushy-өziniң-avtorlyқ-zhұmysyna-resmi-patent-aldy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз