IMG 20190609 WA0060

Атыраулықтар «Аманат» Азаматтық платформасына қолдау көрсетті

Жаңалықтар Саясат

Atr.kz/9 маусым, 2019 жыл.

Бүгінгі күні Атырау облысында «Аманат» Азаматтық платформасына 40 қоғамдық бірлестіктер мен 275-тен астам азамат қолдау көрсеткен.

Бұл туралы «Аманат» Азаматтық платформасының Атырау облыстық өкілі Дәурен Сейітқалиев мәлімдеді.

» Аманат» азаматтық платформасына қатысу тек қана ерікті сипатта және негізгі жұмысынан бос уақытта іске асырылатынын атап өткіміз келеді. Аралық есепті дайындау барысында Атырау облысының аумағында сайлау процесіне дайындық жағдайы зерттелді, – дейді ол.
Оның айтуы бойынша, біздің өңірімізде 112 аумақтық және 150 аудандық комиссия бар. Жобасы 100% жабуды қамтамасыз ету үшін бекітілген сxемаға сәйкес 300-ге жуық байқаушыларға семинар-тренинг өткізілді және 20мобильді капитан ұйымдастырылды. Бақылау барысында акт толтыратындай кемшіліктер орын алған жоқ. Бірақ, кейбір жағдайлардың болуына байланысты ескертулер берілді. Осыдан кейін комиссия төрағалары қателіктерді түзеген.

Гүлдана ЖАМБОЗОВА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған