ЖаңалықтарҚұқық
Атыраулық жүргізушінің неліктен жалған нөмірмен жүргені белгілі болды
Атырауда мас жүргізуші жасанды нөмірі бар көлікті жүргізген.
10 қараша сағат 03:00 шамасындатпатрульдік полиция қызметкерлері мемлекеттік белгісі күдік тудырған «Toyota Avalon» автокөлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде көлікке тағылған мемлекеттік белгінің жасанды екені анықталды. Шетелдік көлікті тізгіндеген 23 жастағы жүргізушінің орташа мас болғаны дәлелденді.
«Бұл азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 590-бабының 4-бөлімі және 608-бабы 1-бөліміне сәйкес жинақталған құжаттар Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды» деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сот қаулысымен мас жүргізуші 7 жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.