Атыраулық жүргізушілер Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің көліктерін демалыс күндері де тіркеуде
Atr.kz/8 ақпан, 2020 жыл. Атырау облысының мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығында бірінші рет Армения Республикасынан әкелінген көлік Қазақстанға тіркелді.
Тойота-камри автокөлігінің иесі – 29 жасар Атырау қаласының тұрғыны. «Автокөлік иелерінің қолайлығы үшін орталық ЕЭО елдерінің көліктерін тіркеуді сенбі мен жексенбі күндері де жалғастыруда» деп хабарлады облыстық полиция департаментінде.
– Бір жыл бұрын Армениядан көлік айдап әкелдім. Енді соны тіркеуді ұйғардым. Бүгін, яғни, сенбі күні де тіркеу орталығының жұмыс жасап жатқаны өте ыңғайлы. Мен мұнда мемлекеттік баж салығын төледім, көлігімді ресми тіркеп берді. Тіркеу үрдісі тез аяқталды. Енді менің көлігім заңды негізде еліме тиесілі болып саналады, — деп түсіндірді көлік иесі Аслан Иманғалиев.
Байболат СҰҢҒАТОВ,
Х.Досмұхамедов атындағы АтМУ-нің журналистика факультетінің 5 курс студенті