Атыраулық ұстаздар тың тәжірибе алмасты (+ФОТО)
ОБЛЫС ҰСТАЗДАРЫ ЖОЛ КАРТАСЫ АЯСЫНДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУДА.
Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебінде Атырау облысының білім беру жүйесін дамытудың жол картасы аясында тәжірибе тарату алаңы бүгін өз қызметін бастады.
Басты мақсат — мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту, математиканы, физиканы, химияны және биологияны оқыту бойынша кәсіби құзыреттілігін арттыру және үйретілген ақпараттарды педагогикалық тәжірибемен ұштастыру. Сондай-ақ, қосымша білім беру бағыттары бойынша әдістемелік қолдау көрсету.
Тың тәжірибе тарату шарасына облыстағы жалпы білім беретін мектептер мен колледж мұғалімдері қатысуда.
Бұл арқылы мұғалімдер оқытудың тиімді жаңа әдіс-тәсілдерімен танысады, оқытудың қазіргі заманғы педагогикалық тәсілдерін қолдануды үйренеді, педагогтардың құзыреттілік деңгейі артады. Бүгінгі басты тәжірибе алмасулар дифференциалдық теңдеулерді шешу, комплекс сандар, PISA тапсырмалары, PASKO құралдарымен практикалық жұмыстар жасау, азық-түліктің құрамындағы органикалық заттарды тестілеу, беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасын анықтау, PISA: Креативті ойлау, оқу сауаттылығы тақырыптары төңірегінде өрбіді. Ұстаздар берілген әр тың ақпарды енді өз тәжірибелерінде де пайдалануға ниетті екендерін жеткізді.
Орынгүл МАХМУД,
баспасөз хатшысы