
Жаңалықтар
Атыраулық студенттер «Жазғы лагерь» аясында Түркияда білім алып жатыр
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттері Түркияның Ерджиес университетінде «Жазғы лагерь» аясында білім алып жатыр.
Қазіргі таңда 20 студент Ерджиес университетінің Төмер орталығында деңгейлі тіл курстарына қатысуда.
Университет әкімшілігінің ұйымдастыруымен студенттердің бос уақытында тарихи-мәдени орындармен танысты.
Аталған іс-шаралар жоо-лар арасындағы келісімшарттың негізінде түрік тілі оқытушысы Лютфие Гүвенчтің ұйымдастыруымен жүзеге асып жатыр.