Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атыраулық спортшылар – үшінші орында

Atr.kz/18 қараша, 2019 жыл. Қызылорда қаласында қазақ күресінен ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Айбек Серғазиев жаттықтыратын  Атырау облысы спортшылары боз кілем додасынан 2 алтын, 1 күміс және 4 қола жүлде еншілеп, жалпы командалық есепте үшінші орынға ие болды.

Еліміздің әр аймағынан жиналған палуандар сайысында бұл жолы бұрымды қаракөздеріміздің табысы қомақтылау болды. 70 келіде өнер көрсеткен Назгүл Құбашева мен 78 келіде бақ сынаған  Эльмира Самиғоллаева белдесулерінің барлығында бәсекелестеріне басымдылық танытып ел чемпионы атанды. Ал, биылғы  Азия чемпионатында жүлдегер болған жерлесіміз Наурызбек Майлашев ақтық сында ғана  есе жіберіп, қанжығасына күміс медаль байлады.

Ал, жүлделі үшінші орын әйелдер арасында Ақжол Қайыпқан (57 келі) мен Саида Қапсалықоваға (+78 келі), ерлер арасында Сұңғат Закаряев (90 келі) пен Арман Қалиевке (100 келі) бұйырды.

Айта кету керек, осыдан бір жыл бұрын Петропавл қаласында өткен ел чемпионатында қазақ күресі шеберлері үш қола медальмен шектелген болатын. Онда Айымгүл Махуова, Бекет Жүніс және Ғазимов Сағат жүлделі орындардан көрінгенді.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

75289029 2565693070317735 1549130944877690880 o
75169477 2565692996984409 1847341317491785728 o

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button