1582170009

Атыраулық спортшы Олимпиада жолдамасына ие болды

Жаңалықтар
8 / 100

Атыраулық таеквондошы Жансель Дениз ел қоржынына кезекті жолдаманы салды деп хабарлайды Atr.kz

Амманда (Иордания) таеквондодан Азия құрлықтық Олимпиадаға іріктеу жарысы өтіп жатыр. Жарыстың кезекті күнінде 67 келіден жоғары салмақта Қазақстан сапынан Жансель Дениз бақ сынады. Жартылай финалда ол тәжікстандық Мохру Халимованы 12:2 есебімен ұтып финалға шықты.

Айта кетерлігі, құрлықтық іріктеу жарысында финалға шыққан спортшылар автоматты түрде Олимпиада лицензиясына иелік етеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған