Жарнама
Жаңалықтар

Атыраулық құтқарушылар ақтөбелік тұрғынға көмектесті

Жолда мотоциклден құлап, оқыстан иығын сындырып алған Ақтөбе өңірінің тұрғынына Атырау облысы Жылыой ауданы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары дер кезінде көмек көрсетті.

Облыстық төтенше жағдай департаменті қоғаммен байланыс тобының хабарлауынша, ауруханаға жеткізуге көмек сұрап, 112 байланыс орталығына хабарлама түскен бойда сала мамандары Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Дияр ауылына көмекке жолға шыққан. Аталған ауыл Құлсары қаласынан 180 шақырым қашықтықта орналасқан.
Шақырту орнына жеткен кезде аталған ауылда автокөлік жүретін тас жолдың жоқтығы құтқарушыларға 1973 жылы туған зардап шегушіні ауруханаға жеткізуде қиындық тудырса керек. Бірақ қашанда амалын табатын құтқарушылар оны ТРЭКОЛ автокөлігімен Жылыой аудандық орталық ауруханасына апарды. Ақтөбелік тұрғын қазір дәрігерлердің бақылауында.
Айта кету керек, құтқару жұмыстарына 3 төтенше жағдай саласының қызметкері, 1 бірлік техника, аудандық полиция бөлімінің 1 қызметкері жұмылдырылды.

А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button