Жарнама
Жаңалықтар

Атыраулық құтқарушы Ержан Есқалиев «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметшілерге, құтқарушылар мен күштік құрылым қызметкерлеріне жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер, сондай-ақ мемлекеттік наградалар табыс етті.

a15d30da e576 42db a712 9e91b8648a55 1

Президент Жарлығы бойынша әскери және қызметтік борышын өтеу барысында ерлік пен жанқиярлық танытқан, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға үлес қосқан бірқатар тұлғалар жоғары мемлекеттік марапатқа ие болды.
Солардың қатарында Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру қызметінің №1 мамандандырылған бөлімшесінің командирі, азаматтық қорғау қызметкері Ержан Есқалиев бар. Ол «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Мемлекеттік награданы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов салтанатты жиналыста табыстады.
Бұл марапат Ержан Кеңесұлы өз қызметінде көрсеткен батылдығы мен кәсіпқойлығын, тұрғындардың өмірін құтқару жолындағы жанқиярлығын айғақтайды. Ол Төтенше жағдайлар министрлігі жүйесінде көп жылдан бері мінсіз еңбек етіп келеді.
Әріптестері Ержанды білікті маман, өз ісіне адал, нағыз батыр ретінде сипаттайды. Қызмет барысында ол талай рет өрт ошағында алдыңғы шепте болып, адамдардың өмірін ажалдан арашалап қалған.
Атырау облысы ТЖД басшылығы мен ұжымы әріптестерінің жоғары мемлекеттік марапатқа ие болуын зор мақтанышпен атап өтіп, бұл оқиғаны бүкіл сала қызметкері үшін үлкен шабыт пен үлгі деп бағалады.

Майра ЕРҒАЛИ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button