ЖаңалықтарҚұқық
Атыраулық полицейлер жаңа жыл түні 151 хабарламаға қызмет көрсетті
Мереке түні тұрғындар тыныштығын және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін атыраулық полицейлер күшейтілген режимде қызмет етуді жалғастыруда, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.
Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа жыл түні 151 хабарлама келіп түсіп оның барлығына полицейлер уақытылы барып қызмет көрсетті. Көпшілік іс-шаралар кезінде балалардың ата-аналарынан адасып қалу дерегі тіркелмеді. Көшелерде құқық бұзып бұзақылық әрекеттеріне жол бергендер болмады. Мереке күні отбасы шырқын бұзған 30 адам анықталып полиция бөлімдеріне жеткізілді. 12 ұсақ жол-көлік оқиғасы орын алды, жарақат алғандар және ауруханаға жеткізілгендер жоқ.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.