Жаңалықтар

Атыраулық полицейлер Мәскеу қаласынан жүлдемен оралды

7-9 сәуір күндері аралығында Ресейдің Мәскеу қаласында “Достық кубогы-2023” атты ересектер арасында қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы өткізілді. Әлемдік деңгейде ұйымдастырылған бұл жарысқа дүниежүзінен келген 21 командадан 300-ге жуық спортшы қатысып, бақтарын сынады.

Олардың қатарында Атырау қаласының намысын қорғаған полиция қызметкерлері бар.

Атап айтсақ: Атырау қаласының Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімі учаскелік полиция инспекторлар бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторының көмекшісі полиция лейтенанты Диана Сарсенбайқызы Жумагазиева, Атырау облысы Полиция департаменті Айдауыл қызметі взводының полицейі полиция кіші сержанты Әли Айтжанұлы Өтегенов пен полиция лейтенанты Нұрберген Мырзекен Махамбетұлы.

Жасөспірімдер арасында әлем біріншілігінен 90 келі салмақ дәрежесінде полиция лейтенанты Нұрберген Мырзекен мен 70 келі салмақта Диана Жумагазиева алтын жүлде иегері атанса, 70 келі салмақта Әли Өтегенов қола жүлдесін еншіледі.

Ал әлем кубогінен 88 келі салмақта Нұрберген Мырзекен қола жеңіп алса, 67 келі салмақта Әли Өтегенов пен Диана Жумагазиева 58 келі салмақта қола жүлделерін қанжығасына байлады.

Айта кетейік, “Достық кубогы” дәстүрлі түрде ең мықты спортшылар жинайтын жыл сайынғы халықаралық турнир.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button