Жарнама
Жаңалықтар

Атыраулық полицейлер деструктивті діни ағым өкілінен марихуана тәркіледі

Атырау облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бұрын сотталған 2000 жылғы деструктивті діни ағым ұстанушысының үйінің ауласынан жалпы салмағы 90,2 гр құрайтын марихуана есірткі затын тәркіледі.

Атырау облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 296-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Өзге ақпарат ҚПК- нің 201- бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3- тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button