Жарнама
Жаңалықтар

Атыраулық полицейлер 21 жылдан бері құжатсыз жүрген шетелдікті анықтады

Атырау облысы аумағында өткізіліп жатқан республикалық «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

№2 Атырау қалалық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Нұрсұлтан Кеңесов тексеру барысында төлқұжатының мерзімі өтіп кеткен 72 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматын анықтады.

Аталған шетелдік азамат Қазақстан аумағына 2000 жылдары келген, Қазақстан азаматшасымен отбасын құрып, араларында бес бала дүниеге келген. Ол сол жылдары құжат дайындамақ болған, бірақ қажетті құжаттарды толық жинақтап тапсырмапты.

Аталған оқиға бойынша Атырау қаласы полиция басқармасы Көші-қон полиция бөлімінің қызметкерлері шетелдіктің жеке басын анықтай отырып, еліне қайтару үшін тиісті құжаттар тізбесін Ақтау қаласындағы Өзбекстан Республикасының Елшілігіне жолдаған.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button