Атыраулық полицей жасөспірімді құтқарып қалды
Атыраулық полицей жасөспірімді құтқарып қалды, – деп хабарлайды atr.kz
13 сәуірден 14-не қараған түні қалалық полиция бөлімінің 102 операторына түнгі уақытта белгісіз азаматша қызының үйде кілттеніп, қалып қойғаны туралы хабарлады. Белгілі болғандай үй иесі азық-түлік алуға шығып кетіп, кері кіре алмай қалған. Үйінде қалып қойған жеті жастағы қызымен байланыса алмаған. Дәл сол уақытта азаматша көгілдір отынға тамақ пісіріп, оны қосылулы қалдырған.
– Ешқандай амалым болмаған соң алдымен Төтенше жағдай қызметкерлеріне хабарластым, бірақ олар маған түнгі уақытта балкон арқылы кіре алмайтынын, ол үшін қосымша құралдарының жоқ екендіктерін жеткізді. Ал менің үйімнің есігін бұзу мүмкін емес еді. Сол сәтте полиция қызметкері келіп ойланбастан, ешқандай қорғау құралдарынсыз төртінші қабаттан үшінші қабатқа түсіп, дереу әрекетке көшті. Полиция қызметкері болмаса не боларын білмеймін. Қырағы әрі жедел қызметі үшін Атырау қалалық Полиция бөлімі кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Әлібек Қайырғалиевке отбасымның атынан алғыс білдіремін, – деді құтқарылған жасөспірімнің анасы.