Жарнама
Жаңалықтар

Атыраулық өрт сөндірушілер өрт шыққан үйден үш тұрғынды құтқарды

17 желтоқсанда сағат 22:38-де Жұмыскер поселкесінің С. Сакипов көшесіндегі жеке тұрғын үйлердің бірінен өр шықты, деп хабарлайды atr.kz Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобына сілтеме жасап.

Өрт сөндірушілер дереу оқиға орнына жетіп, көлемі 15м х 6м болатын тұрғын үйдегі тұрмыстық заттардың және жиһаздардың жанып жатқанын  анықтады. Соның салдарынан ауданы 10 шаршы метр бөлме өртке оранды.

 Өрт сөндірушілер өрт кезінде тұрғын үйдің ішінен түтінге уланған 1978 ж., 1982 ж., 1973 жылғы тұрғындарды  құтқарды.

«Сонымен қатар өрт сөндірушілер жеке тыныс алу жолдарын қорғау құралдары арқылы құтқарылған тұрғындарға аппаратты   қосып, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Және де жедел-жәрдем келгенге дейінгі уақытта түн мезгілі салқын болғандықтан, құтқарылған тұрғындарды жаурамас үшін арнайы өрт сөндіру автокөлігіне отырғызып, көмектесті.  Кейін «Апаттар медицинасы орталығы» қызметкерлері құтқарылған тұрғындарды Атырау облыстық ауруханасына жеткізді», — деп мәлім етті баспасөз қызметіндегілер.

img 3431

Тілсіз жау сағат 23:06 минутта  толық жойылды. Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД  √4 өрт сөндіру бөлімінен 11 жеке құрам мен 3 бірлік техника және АМО қызметкерлері жұмылдырылды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button