Атыраулық оқушылар тау бөктерінде тынығуда
«Дарын» балалар лагері Өскемен қаласынан 25 шақырым жерде орналасқан. Биылғы жазғы демалыста тау бөктеріндегі аталған демалыс орнында атыраулық 60 бала тынығуға мүмкіндік алды.
Облыстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарованың айтуынша, демалыстағы балалардың жағдайы жайлы, көңілдері көтеріңкі.
–Құрманғазы ауданындағы М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің VII сынып оқушысы Таңатар Нұртілеу оқу озаты. Жыл бойы үздік оқып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан оқушы өздерін құшақ жая қарсы алған керемет лагерьде демалу бұйырғанына қуанышты, — дейді Э.Тұңғатарова.
Айта кету керек “Дарын” сауықтыру лагерінде тынығуға әлеуметтік осал топ санатындағы және барлық санаттағы дарынды балаларға жолдама берілді.
Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА