Жарнама
Жаңалықтар

Атыраулық оқушылар республикалық байқауда топ жарды

Жуырда Қарағанды қаласында республикалық «Алау» әскери-спорттық байқауы өтті. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан бұл байқаудың мақсаты – жас ұрпақты отансүйгіштікке баулу, әскери-патриоттық тәрбие беру, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

8a1d3173 ebb3 4633 94da dde872e1fa83

Байқауға еліміздің барлық өңірінен жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 12-14 жас аралығындағы оқушыларынан құралған 20 команда, яғни 180-нен астам жас өрен қатысты. Олар патриоттық ән байқауы, саптық дайындық, әскери-спорттық жарыстар, дене шынықтыру сынақтары сынды бірнеше кезеңде өзара бақ сынасты.

10091d4c c36c 4eba 8b6f 149364e4e2ef

Атырау облысының намысын қорғаған «Жас сарбаз» командасы сайыс барысында ұйымшылдығымен, дайындық деңгейімен ерекшеленіп, қазылар алқасының жоғары бағасын алды. Нәтижесінде жерлестеріміз «Ерлікке жүрегіңмен жақында» номинациясы бойынша жүлделі ІІ орынды қанжығалады.

-Жас сарбаздарымыздың бұл жетістігі – өңіріміздегі әскери-патриоттық клубтардың, ұстаздар мен жетекшілердің жүйелі еңбегінің жемісі. Сонымен қатар, бұл жеңіс оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, болашақта ел қорғайтын нағыз азамат болып қалыптасуына серпін берері сөзсіз, — дейді облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметінің өкілі Ләззат Еділхан.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button