Атыраулық оқушылар 200 түп бозарша көшетінің тұқымын отырғызды
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Х.Ерғалиев атындағы №35 мектеп гимназиясында 6-7 сынып оқушылары 200 түп бозарша көшетінің тұқымын отырғызды.
Аталмыш шеберлік сағаты «Атырау орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме» КММ-сінің бастамасымен жүзеге асты.
«Таза Қазақстан» жобасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асып келеді. Бүгінгі шеберлік сағатта біздің мектеп оқушылар жалпыұлттық шараға өз үлестерін қосты. Сабақ басында «Атырау орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме» қызметкерлері тұқым егудің әдіс-тәсілдерін көрсетіп, әрі қарай оқушылар қызығушылықпен жалғастырып кетті» — дейді биология пәнінің мұғалімі Гауһар Әбуғалиева.
Айта кету керек, бұл акцияның мақсаты – жасыл желектеріміздің санын арттыру арқылы еліміздің экологиялық мәдениет деңгейін көтеру, оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыру.