Атыраулық оқушы пластиктен кірпіш жасады
Atr.kz/18 қараша, 2019 жыл. Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы Ермек Кеңесов химияны меңгеру барысында құрылысқа қажет кірпіштің жаңа сұртын ойлап тапты.
– Мен бұл жобаны зерттеу үстінде БҰҰ-ң деректері бойынша пластикалық қалдықтар жыл сайын әлемде 1 миллионнан астам құстардың өліміне, 100 мыңға жуық судағы сүтқоректілер мен балықтардың жойылуына себепші болатынын анықтадым. Пластикалық пакеттер Тынық мұхитында қоқыстардың аралына айналып барады. Мұның барлығы антропогендік әрекеттердің салдарынан туындайтыны шындық, — дейді Ермек.
Жас өнертапқышқтың айтуынша, мұндай жағдайдан шығудың жолы пластикалық қалдықтарды қайта өңдеу арқылы кері қолдану болып табылады. Ермек бұл идеясын іс жүзінде дәлелдеу үшін кәдімгі қиыршық тас, топырақ және пластмассалық қалдықтарды пайдалана отырып пласткірпішті жасап шығарды. Алдымен ол өнімнің экономикалық тиімділігін анықтау мақсатында полимердің аддитивтік және конденсациялық қасиеттерін физика мен химия пәнінде зерттеген.
Сондай-ақ, көптеген деректерді ғаламтор және дәстүрлі әдебиеттерден іздегенін айтады. Кейін пластмассаларды бөлшектеу үшін тіпті қатты картоннан гидравликалық аппарат жасағағынын айтты. Тәжірибенің соңында пласткірпіш дайын болып жобаның жұмысы сәтті аяқталды. Алғашқы өнім нарықтағы кірпіштен кем емес. Себебі оның тығыздығы, суды сіңіруі және аязға тұрақтылығы талапқа жауап береді.
– Пластикалық қалдықтарды қайта өңдеу нарықтағы пластмассалық өндірісті азайтудың ең тиімді жолы, — дейді Ермек Кеңесов.