Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...ЖаңалықтарМедицина

Атыраулық он бес эпидемиолог Алматыдан оралады

Atr.kz/8 сәуір, 2020 жыл. Дәрігерлер коронавирусқа қарсы тест сынамасын тапсырғаннан кейін қызметтік міндеттеріне кіріседі.

Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі таратқан мәліметке қарағанда, жергілікті эпидемиологтар 20 наурыз — 7 сәуір аралығында Алматыда қызмет еткен. Осылайша атыраулық мамандар оңтүстік астанадағы санитарлық ахуалды тұрақтандыруға атсалысқан екен.

Жергілікті Тауарлар мен қызметтер сапасын бақылау департаментінің хабарлауынша, эпидемиологтар әуелі карантиндік стационарға жатқызылады. Кейін коронавирусқа қарсы тест сынамаларын тапсырғаннан соң, қауіпті індет анықталмаған жағдайда қызметтік міндеттеріне кіріседі.

Белгілі болғанындай, эпидемиологтар вирус тараған ошақтарды локализациялаумен, індет жұқтырғандармен қарым-қатынас жасаған адамдар тобын анықтаумен, инфекциялық ауруларды емдеу шараларымен айналысатын болады.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

http://atr.kz/bez-rubriki/barly%d2%93y-60-te%d2%a3iz-kenishindegi-zh%d2%b1mysshyny%d2%a3-%d2%9bansha-adammen-bajlanysta-bol%d2%93any-any%d2%9btaldy/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button