Атыраулық мемлекеттік қызметкерлер қайырымдылық акциясын өткізді

img 20191214 wa0041 Жаңалықтар

Atr.kz/14 желтоқсан, 2019 жыл.  Еліміздің тәуелсіздігі күні қарсаңында атыраулық мемлекеттік қызметкерлер әлеуметтік жағдайы төмен екі отбасына материалдық көмек көрсетілді.

Екі отбасының да тұрақты баспанасы мен тұрақты жұмысы жоқ. Кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Расул Махмудұлы ұжым атынан материалдық көмекті отбасыларға өзі табыстады.

«Біздің мақсатымыз – қамкөңіл жандарға жүрек жылуын сыйлау» дейді мемлекеттік қызметкерлер.

img 20191214 wa0040
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз