ЖаңалықтарҚұқық
Атыраулық кәсіпкерлер баға келісіміне қатысты күдікке ілінді
Атырау облысында сұйытылған газ сатушы кәсіпкерлер баға келісіміне қатысты күдікке ілінді.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің облыстық департамент басшысы Айгүл Набиеваның сөзінше, 22 кәсіпкерге қатысты тергеу жұмыстары басталған.
«Бәсекелістікті қорғау аясында бірқатар заңбұзушылықтарының орын алғаны анықталды. Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі бойынша кәсіпкерлер айыппұл түріндегі әкімшілік жауапқа тартылады. Айыппұл мөлшері орта бизнес табысының 3%, ал, ірі бизнес табысының 5%-ына тең болады» деді.
Бұған дейін еліміздің Энергетика министрлігі сұйытылған газ сатудың жаңа ережелері әзірге енгізілмегенін айтқан еді.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ