ЖаңалықтарҚоғам
Атыраулық кәсіпкерлер «ASHYQ»жобасына қалай қосыла алады?
Атырауда карантин күшейтілді: 2 тамыздан бастап «Ashyq» бағдарламасынсыз жұмыс істейтін кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы шектеледі, — деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
1 тамызда өткен брифинг барысында Атырау облысы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бөлім меңгерушісі Рысжан Таубаева «Ashyq» жобасына қатысуға кәсіпкерлер InfoKazakhstan электронды платформасында өтінім бере алатынын хабарлады.
- Атырау облысында «Ashyq» жобасына 3146 нысан қосылды. Оның 84% — ы қала аумағында, — деді Рысжан Таубаева.
Атап өтілгендей, бүгінгі күні нысандарға кіруге әрекеттенген кезде «қызыл» мәртебесі бар 57 азамат және «сары» мәртебесі бар 222 адам анықталды. «Қызыл» мәртебесі бар тұлғаларға қатысты 23 айыппұл салынды.