ЖаңалықтарҚоғам
Атыраулық кәсіпкердің адамгершілігі көпшілікті сүйсінтті
Atr.kz/7 сәуір, 2020 жыл. Еріктілер жылы шеңберіндегі елдік іс-шараларға Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы да атсалысуда.
Осы қоғамдық бірлестіктің белсенді мүшесі, жас кәсіпкер, штаб волонтері Нұрлан Бағытжанов замандастарына үлгі көрсетіп, жақсылық жасады. Ол Атырау қаласында тұратын, аз қамтылған және көпбалалы отбасына азық-түлікпен көмектесті.
Оған қоса, отбасы мүшелерінің әрқайсысына медициналық бетперделер ұсынды. Нұрлан бұл қадамы басқалардың тарапынан қолдауға ие болып, жалғасын табары даусыз.
Дәулетқали АРУЕВ