Атыраулық кәсіпкер жедел жәрдем дәрігерлеріне түскі ас берді
Atr.kz/28 наурыз, 2020 жыл. Кәсіпкер Қанат Бопасов төтенше жағдай кезінде тәулік бойы жұмыс істейтін медицина қызметкерлеріне қолдау көрсетті, хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бүгін жеке кәсіпкер қалалық жедел жәрдем станциясының қызметкерлеріне түскі ас берді. Ол толық түскі асты кезекші бригадаға үлестірді.
— Мен өңірімізде болып жатқан осындай қиын кезеңде денсаулығына қауіп төнетіндігіне қарамастан жанұясын үйінде қалдырып жұмыс жасайтын медицина қызметкерлеріне қолдау көрсетуді ұйғардым. Осы тәрізді басқа да акцияларды ұйымдастыру арқылы атыраулық кәсіпкерлерді медицина қызметкерлеріне қолдау көрсетуге шақырамын, — деді Қанат Бопасов.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Атырау қаласында 25 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді. Ал, COVID-19 жұқтырғандармен байланысқандар мен коронавирус инфекциясының белгілері бар науқастарды оқшаулау орнын дайындауға қосымша үш дәрігерлер тобы бар.