Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атыраулық кәсіпкер мұқтаж жандарға азық-түлікпен көмек көрсетуді бастап кетті

Atr.kz/20 наурыз, 2020 жыл. Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы күресте арнайы қор құруды ұсынған еді. Бұл бастама қазіргі таңда өзекті болып отыр.

Атыраулық белгілі кәсіпкер, қалалық мәслихат депутаты Әлібек Семғалиев бұл бастаманы қолдап, «Біз біргеміз!» республикалық акциясына белсене атсалысып жатқанын жеткізді. Айталық, бүгін бизнес иесі Исатай ауданындағы мұқтаж 40 отбасына азық-түлік үлестіріп, көмек көрсетті.

img 20200320 wa0084

— Бақытты күндеріңнің қадірін басыңа іс түскенде білерсің демекші, әлемді жайлаған індет көпшілікті барды бағалауға үйретті. Кең дүниенің бір мезетте тарыларын көрсетті. Сондықтан, сабыр етейік. Шектеулер сіз бен біздің сақтығымыз үшін жасалған қадам.
Мүмкіндігіміз болса, бір-бірімізді қолдайық. Қазақ қай қиындықты да жеңді. Бұны да еңсеретінімізге сенімдімін.


Төтенше жағдай жарияланғалы бері біз мұқтаж жандарды әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен қамтуды бастап кеттік. Осынау игі бастамаға, қайырымдылыққа барлық кәсіпкер атсалысса екен деймін, — деп нақтылады спикер.
Жазып алған: Айбөпе Сабырова

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button