Жарнама
Жаңалықтар

Атыраулық дирижер «Дарын» сыйлығын иеленді

Мәдениет және ақпарат министрлігі 2023 жылғы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын алған азаматтардың тізімін жариялады.

«Дарын» сыйлығы жастарға жемісті ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі, сондай-ақ спорттағы жоғары жетістіктері үшін беріледі.

Сыйлықтың мөлшері әр номинация бойынша 600 мың теңгені құрайды.

2023 жылғы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері:

«Ғылым» номинациясы 

Кенжина Инеш Ергазықызы — «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ-ның «Жалпы физика» кафедрасының зерттеуші-профессоры

Өтепов Елбек Бахитұлы — «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КЕАҚ — ның «Құрылыс» кафедрасының профессоры

«Эстрада» номинациясы

Абдықалықова Айзада Абдуахитқызы — Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Тайжан Қалмағамбетов атындағы Жезқазған филармониясы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорының әртісі

Пазылақын Толғанай Ұланқызы — «Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» РМҚ-ның «Эстрадалық вокал» кафедрасының оқытушысы

«Классикалық музыка» номинациясы

Аманжолова Айгерім Меңдібайқызы — Астана қаласы әкімдігінің «Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік кадемиялық филармония» МКҚК-ның «Классикалық вокал» бөлімінің әртісі

Алғи Ақбике Ғалымқызы — «Роза Бағланова атындағы Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК-нің Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің әртісі

«Халық шығармашылығы» номинациясы

Долдашев Болат Маханбетұлын — «Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Дина Нұрпейсова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі» КМҚК-ның бас дирижері және көркемдік жетекшісі

Әбдіберікұлы Бекболат — «Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты» ММ-нің «Қазақ халық аспаптары» оркестрінің жетекшісі

«Дизайн және бейнелеу өнері» номинациясы

Касьянов Дамир Рашидович — Шымкент қаласы Білім басқармасының «Балалар шығармашылық мектебі» МКҚМ-нің «Композиция» және «Сурет» қосымша білім беру пәндерінің мұғалімі

Жапарова Салтанат Аминқызы — «Қазақстан этнодизайнерлер одағының» төрайымы

«Журналистика» номинациясы

Бектас Ақерке Бағдабекқызы — «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы ақпараттық сараптамалық бағдарламалар дирекциясы жедел және саяси жобалар бөлімі «Aқорда» бағдарламасының авторы-продюсері

«Креативті бастамалар» номинациясы

Қопабаев Әділхан Амангелдіұлы — Қазақстан Республикасының Отын-энергетикалық кешенің Ахуалдық-таңдамалы орталығының басқарма төрағасы

Қуатбаев Айбек Нұрланұлы — «Bugin Holding Corp» ЖШС бас директоры

«Спорт» номинациясы

Айтмұхан Ризабек Қанатұлы — Ұлттық құраманың спортшысы, ересектер арасындағы Азия чемпионатында, жастар арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль иегері, еркін күрестен Әлем чемпионы

Құлымбетова Жібек Алимханқызы — Джиу-джитсудан жеті дүркін әлем чемпионы және грэпплингтен әлем чемпионы, самбодан әлем чемпионатының қола жүлдегері, көптеген халықаралық және республикалық жарыстардың жеңімпазы, жүлдегері.

«Әдебиет» номинациясы

Хадыр Бахытбек — «Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі

Жылқыбай Мейіржан Сейтжанұлы — «QIT Enterprise» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жобалар менеджері

«Театр және кино» номинациясы

Птыралиев Еркінбек Абайбекұлы — Қазақ ұлттық өнер университетінің «Операторлық өнер, дыбыс режиссура және арт менеджмент» кафедрасының меңгерушісі

Булатов Фархад Булатович – «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры» АҚ-ның әртісі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button