84139621 2661617097391998 3594936344566038528 n

Атыраулық ДӘУЛЕТ – ӘЛЕМ КУБОГІн ұтып алды!

Жаңалықтар Қоғам

Atr.kz/24 ақпан, 2020 жыл. Грузияның Тбилиси қаласында парадзюдодан өткен Әлем Кубогінде атыраулық Дәулет Теміржан жеңімпаз  атанды. 

Әлемнің кіл мықтылары бақ сынаған додада жерлесіміз  73 келі салмақта бақ сынап, алдымен әзірбайжандық Хазиевтен, одан соң  украиналық Котенкодан басым болды. Жартылай финалда германиялық Корнхасты тізе бүктірсе, ақтық сында испан балуаны Гавилан Лорензоны оңай жеңді.

Айта кетсек, Дәулет Теміржан 2019 жылғы Азия чемпионатының жеңімпазы, Токио Паралимпиада ойындарына үмітті спортшыларымыздың бірі.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған