Жарнама
ЖаңалықтарЭкология

АТЫРАУЛЫҚ БАЛЫҚШЫЛАРҒА ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ

Бүгін, 2021 жылдың 13 тамызында жергілікті уақыт бойынша сағат 10:20-да Атырау қаласы Дамба ауылдық округі әкімдігіне 40 шақты жергілікті балықшы жиналып, қойылмалы торларды қолдануға салынатын тыйымға қатысты наразылықтарын білдірді, деп хабарлайды Атырау облысы Балық шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі.

Осыған орай, Атырау облысы Балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлы және Дамба ауылдық округінің әкімі Ұзақбай Байзуллин түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мәселенің мәнісін айтты.

Сонымен қатар, аталған проблеманы шешу үшін балықшылар арасында бастамашыл топ құру жөнінде шешім қабылданды (әр кооперативтен 2 адамнан).

Сондай-ақ, аталған дерек бойынша Атырау облысының Балық шаруашылығы басқармасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне тұрғындардың наразылығы көрсетілген хат жолдамақ.

Естеріңізге сала кетейік, аталған өзгеріс еліміздің Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитеті «Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі №190 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2021 ЖЫЛҒЫ 3 ТАМЫЗДАҒЫ №30-4-8/77 БҰЙРЫҚПЕН бекітіліп отыр.

Атап айтқанда, 17 тамыздан бастап Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы балық аулау алаңдарының резервтік қорында қойылмалы торларды қолдану арқылы жыл бойы балық аулауға енді заңды тұрғыда тыйым салынбақ.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ,

Атырау облысы Балық шаруашылығы басқармасының баспасөз өкілі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button