Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атыраулық аудан жастары еріктілер ұйымдарын құруда

Atr.kz/25 ақпан, 2020 жыл. Еріктілер жылында ерекше белсенділік көрсеткен өңірлердің бірі ­­­­– Махамбет ауданы. Соның айғағындай, атаулы жыл басталғалы бері мұнда бірнеше еріктілер ұйымы құрылып отыр.

«СЕРПЕРДІҢ» СЕРПІНІ

Солардың бірі ­- аудан орталығындағы Ақмарал Хамидуллина басшылық жасайтын «Серпер» тобы. Санаулы уақытта бұл ұйым атына сай батыл қадам жасап, серпінді іс-қимыл танытуда. Қырыққа жуық ерікті жасты біріктірген топтың алғашқы шарасы «Ескі киімдердің жаңа иесі» деп аталыпты. Атауынан-ақ, аңғарылып тұрғандай, мұнда топ мүшелері жергілікті тұрғындардан ескіргенімен,  пайдалануға жарамды киім-кешектерді жинастырып, оларды әлеуметтік жағынан аз қамтылған, мұқтаж 20 отбасына таратты. Одан кейін еріктілердің есебінен жинақталған 25 мың теңге қаражатқа күнелтіс деңгейі төмен екі көпбалалы отбасына бірінші кезекте керекті азық-түлік түрлерін алып берді.

Махамбет ауданы

***

ТҰЩЫҚҰДЫҚТАҒЫ «ТӘТТІЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ»

Атаулы жыл аясындағы елдік шараларға исатайлықтар да атсалысуда. Еріктілер қозғалысына жоғары сынып оқушылары да қосылуда.

Осылайша,Тұщықұдық ауылдық округінің орталығындағы Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектептің тоғызыншы сынып шәкірттері өздерінің қолдарымен дайындаған тәттілерін жәрмеңкеге шығарып сатты. Одан түскен қаржынының қомақты бөлігін Жанбай ауылындағы баспанасы өртеніп кетіп, қиын жағдайда қалған отбасына көмек ретінде ұсынды. Қалғанын ұлы Абайдың 175 жылдығына орай, өздері білім алып жатқан мектептің бастауыш сынып оқушыларына арналған танымдық тәрбие сағатын өткізуге жұмсады.

Дәулетқали АРУЕВ

Исатай ауданы

http://atr.kz/bez-rubriki/atyruda-iri-k%d3%a9lemdi-esirtki-t%d3%99rkilendi-video/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button