Жарнама
Жаңалықтар

Атыраулық 500-ге жуық бастауыш сынып оқушысы ұлттық киімді дәріптеуде

Атырау қаласындағы Д.Байбосынов атындағы №13 мектеп-гимназиясы біраз уақыттан бері халқымыздың құндылықтарын, соның ішінде ұлттық киім үлгісін айрықша насихаттап жүр. Бұл туралы облыстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарова хабарлады.

–Ұлттық киімді дәріптеп, оны күнделікті кию — әрбір өскелең ұрпақтың парызы. Өйткені ұлттық киім халқымыздың тарихынан, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінен, мәдениетінен сыр шертеді, — дейді білім ордасы директорының орынбасары Алмаз Қабдешов.

Бүгінде мектептегі 500-ге жуық бастауыш сынып оқушысы мен олардың ұстаздары күнделікті сабаққа ұлттық киім киюді дәстүрге айналдырған.

Білім беру мекемесінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының айтуынша, қазір бұл үрдіске орта буын оқушылары да қызығушылық танытып келеді.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button