АТЫРАУЛЫҚ 3300 ТҮЛЕК ТЕГІН ТЕХНИКАЛЫҚ-КӘСІПТІК БІЛІМ АЛДЫ
«Бұл туралы Атырау облысы ішкі саясат басқармасы басшысы Қанат Әзмұханов айтты» деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.
«Былтыр техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында мемлекеттік тапсырыс есебінен 3300 түлекке тегін білім алуға мүмкіндік берілді. Сонымен бірге, 11-сыныпты бітірген 1372 түлек мемлекеттік білім грантын ұтып алды. Оның ішінде, 309 оқушы педагогикалық мамандықты меңгеруде. Оған қосымша, жергілікті әкім гранты 150 оқушыға берілді» деп атап өтті спикер Қанат Әзмұханов.
Еске сала кетелік, 2019-2020 оқу жылынан бастап жалпы орта білім беретін мектептерде «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» элективті пән ретінде енгізілді. Аталмыш пән облыс бойынша 142 мектептің 10, 11 сыныптары оқытылуда.
Суретті түсірген: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ