Жарнама
Жаңалықтар

Атыраулық 283 оқушы Ресейдегі «Қазақстан геологі» пансионатында демалуда

Атырау облысынан 283 оқушы Ресей Федерациясының Железноводск қаласындағы «Қазақстан геологі» емдеу пансионатына демалысқа аттанды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Балалар демалыс барысында бір мезгіл медициналық тексерістен өтіп, кәсіби мамандардың бақылауымен емдік-сауықтыру шараларын қабылдайды. Сонымен қатар түрлі танымдық бағдарлама мен спорттық сайыстарға қатысып, Кавказдың әйгілі бес қаласының мәдениетімен танысу мүмкіндігіне ие болмақ.

— Пансионат инфрақұрылымы барлық талапқа сай. Мұнда арнайы емдік корпустар, 250 орындық асхана, балаларға арналған 5 мезгілдік тамақтану, спорттық алаңдар және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін 29 бейнебақылау камерасы қарастырылған, — деді «Қазақстан геологі» емдеу пансионаты КҚМК директорының міндетін атқарушы Шолпан Есқалиева.

Айта кетейік, биыл жаз мезгілінде облыс бойынша 1530 баланың демалысы мен сауықтырылуы жоспарланған. Қазіргі күнге дейін 256 бала лагерьде демалып үлгерді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button