ЖаңалықтарҚоғам
Атыраулық «Жолбарыстар» Түркия елінен жүлделі оралды
Atr.kz/ 26 наурыз, 2019 жыл. 9-10 наурыз күндері Түркияның Стамбул қаласында 32-ші дәстүрлі халықаралық Босфор кубогі өтті.
Атыраулық каратэ-до шотокан шеберлері жоғары дейгейде өнер көрсетіп, бір алтын, екі қола еншіледі. Кадеттер арасында 52 келі салмақ дәрежінде Саинов Бекзат қола жүлдегер атанды. Ересектер арасында -60 салмақ дәрежесінде Әмірханов Абат та қола медальмен оралды.
Әйелдер арасында Турганова Венера өз салмақ дәрежесінде чемпион атанды. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері жарыс бойы төрешілік қызметте болды. Спортшыларды дайындаған – ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы Қойшекенов Ерікқали Саинұлы.
«Атырау Спорт» парақшасынан