Жарнама
БЕЙНЕЖАЗБАЖаңалықтарҚоғам

Атыраулық еріктілер бейбіт күннің батыры Шалқар Ақымғалиевқа ескерткіш орнатуды ұсынды (+ВИДЕО)

https://www.youtube.com/watch?time_continue=3&v=BIbdQktI3i8

Atr.kz/ 2 сәуір, 2019 жыл. Кеше, яғни, бірінші сәуір күні атыраулық полицей Шалқар Ақымғалиев бірінші сәуір күні жиырма бес жасқа толар еді.

Өзгеге өмір сыйлау жолында өз өмірін құрбан еткен  полиция сержанты Шалқар Ақымғалиевқа бұл мүшелді көру бұйырмады…

Қоғамдық резонанс тудырған қайғылы оқиғаға орай, атыраулық «Нұр Ай» қайырымдылық қорының еріктілері оқиға орын алған тұстан марқұмға арналған мемориалдық тақта немесе ескерткіш бой көтеруді ұсынды.

«Ақырғы нүктені Ақ Жайық қойған сол бір қайғылы түндегі оқиға жүректерден еш өшпек емес. Өмірінің соңына дейін Отан алдында адал болу жолындағы азаматтық антына берік болған Шалқар Ақымғалиевтың ерлігін мәңгілік ел есінде қалдыру үшін, оқиға орын алған тұстан марқұмға арналған мемориалдық тақта немесе ескерткіш бой көтеруі тиіс. Патриоттық рухтың, Отанға деген шынайы құрметтің қайталанбас үлгісін көрсеткен Шалқар Ақымғалиев ескерткіш болып елге оралуы тиіс. Себебі, бейбіт күннің батырының алдында біз мәңгілікке қарыздармыз» делінген еріктілер таратқан үндеуде…

Еске сала кетелік, қайғылы оқиға 21 наурыз күні түнгі сағат 21.52 шамасында Атырауда орын алған еді. Патрульдік полиция сержанты Шалқар Ақымғалиев суға батып бара жатқан әйелді құтқармақ болып, өзенге түсті. Алайда,  полиция қызметкерінің батыл әрекеті оның өмірін үзді. Шалқар Ақымғалиевтің денесі оқиға орнындағы ағыстың төменгі бөлігінен табылып, жағалауға шығарылды.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button