COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар
Атырауға шетелден ПТР анықтамасы жоқ 37 қазақстандық ұшып келді
Atr.kz/26 қазан, 2020 жыл. Атырау облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше, Атырауға 20 — 25 қазан аралығында шетелден Стамбул-Атырау, Ташкент-Атырау, Амстердам-Атырау бағытында 4 әуе рейсі ұшып келді.
Халықаралық әуе рейспен барлығы 456 адам жеткізілді.
Әуе рейсімен келген жолаушылардың арасында шетелдіктер жоқ, барлығы — қазақстандықтар. Олардың 37-інде COVID-19 -ға ПТР-тест қорытындысы болмағандықтан, карантиндік стационарларға жатқызылған.
Жолаушылардан коронавирус жұқпасына сынама алынды, қорытындысы теріс мәнді көрсетті. Ешқайсысынан қауіпті инфекция анықталмағандықтан үйлеріне жіберілді.
«Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі»