Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Атырауға келген ресейлік дәрігер КВИ-ді емдеуге қатысты маңызды мәлімдеме жасады

Atr.kz/22 шілде, 2020 жыл. «Қазақстан бізге ең жақсы жағдайды жасады. Біз өте ризамыз» дейді астрахандық дәрігерлер тобының жетекшісі Анна Чепель.

Ол бұл пікірін caspian-eurasia.com сайтына білдірген. Өткен аптада Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің Ресейдегі Астрахан облысының губернаторы Игорь Бабушкинмен арадағы келісіміне сәйкес 5 дәрігер келген болатын. Қазір астрахандық дәрігерлер үш топқа бөлінген. Олар облыстық, инфекциялық ауруханалар мен кардиологиялық орталықта жасақталған госпитальде жұмыс істеуде.

«Бізді үш топқа бөлді. Екі топта екеуден, ал бір топта бір дәрігер бар. Кеше «қызыл» аймаққа кірдік. Әр дәрігердің өз бөлімшесі бар. Емдеу тактикасының өзіндік ерекшелігі бар. Бірақ, айтарлықтай көп емес. Жұмыс көп. Бірақ, қазақстандық әріптестермен үйлесімді жұмыстың нәтижесінде бәрі де реттеліп жатыр», — дейді Анна Чепель.

Оның айтуынша, астрахандық дәрігерлер күніне жергілікті стандарт бойынша 6 сағат жұмыс істейді. Дәрігерлер науқастарды тексеріп, ем жүргізеді.

«Қазақстанда бізге тамақпен, жатын орынмен қамтуда бағытында ең жақсы жағдай жасалды. Біз өте ризамыз» дейді дәрігер Анна Чепель.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауға Ресейдің Астрахан облысынан 5 дәрігер келгенін хабарлаған едік.

«ҚазАқпарат»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button