Жарнама
БЕЙНЕЖАЗБАЖаңалықтарҚоғам

Атырауға Біріккен Араб Әмірліктерінен 126 турист келді (+ВИДЕО)

Atr.kz/22 наурыз, 2020 жыл. Атырауға Біріккен Араб Әмірліктерінен  қазақстандық 126 жолаушы келді.

https://youtu.be/_pQ7GzzbqP4

Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлағандай, 20 наурызда түнгі сағат 22.30-да №5044 «Шарджа-Атырау» рейсімен келген  жолаушылар әуежайдағы арнайы санитарлық пунктте тексерілді. Жолаушылардың 106-сы — Атырау облысының тұрғындары, біреуі ғана Ресей Федерациясы азаматы, ал қалған жиырмасы еліміздің өзге өңірлерінен. Ресей Федерациясы азаматы бес жастағы бала. Көрші елде дүниеге келгені болмаса, ата-анасы Қазақстан Республикасының азаматтары.

Отандастарымыз коронавирус қауіпі өлшемі бойынша 2 категорияға жататын қауіпті емес елден келді. Олар әуежайдан түскен бетті толық тексеруден өткізілді. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Байтолла Ғазизовтың айтуынша, барлығының жағдайы жақсы. 

—  БАӘ Шарджа қаласынан Атырау қаласына біздің елдің азаматтары келген болатын. Олардың барлығы арнайы тексерістен өтті. Жағдайлары  қанағаттанарлық. Барлығы бақылауда, — дейді басқарма басшысы. 

Айта кетейік,  Атырауда  коронавирусты жұқтыру фактісі тіркелген жоқ. Медициналық ұйымдарда қажетті дәрі-дәрмек бар. Тұрғындар барлық сұрақ бойынша 98-02-92 call орталығына немесе 8778 007 20 21 WhatsApp желісіне хабарласа алады.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін  Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі туризм индустриясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Дастан Рыспековтің қатысуымен онлайн брифинг өткен болатын. Д.Рыспеков 18-23 наурыз аралығында қазақстандық туристерді елге қайтару үшін 19 чартерлік рейс қарастырылған айтқан еді. Ол өз сөзінде, чартерлік рейстер Қазақстанның бірқатар қалаларына (Атырау да бар) ұшатынан атап өтті. Алдағы уақытта Атырауға ешқандай чартерлік рейс жоспарланып отырған жоқ. 

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

http://atr.kz/bez-rubriki/қazaқstanda-kәsipkerler-salyқtan-bosatyldy/

Related Articles

Back to top button