Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда «Арнаулы автобазаға» құны 300 млн теңгені құрайтын арнайы техника сатып алынбақшы

Атырауды қалың қар басқанда «Арнаулы автобаза» ЖШС техникалық базасының жеткіліксіз екені айқын көрінді. Сондықтан «сенген қойым сен болсаң» деген атыраулықтар өздері тұратын көшелерін өз күштерімен тазалауға кірісіп кеткені шын.

Бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат берген Атырау қаласының əкімі Мейірім Қалауи да қала басшылығы тарапынан бастапқыда кемшіліктер кеткенін мойындады. Ол осы олқылықтардың орны толатынына, жұмыс нəтижесін атыраулықтар жақын күндері көре бастайтынына сендірді.

Əңгіме арасында Мейірім Жоламанұлы қиын кезде жұдырықтай жұмылған барша атыраулықтарға шын жүректен алғыс сезімін білдірді. Мейірім Қалауи журналистерге жағымды жаңалықты да жеткізді. Оның айтуынша, Атырау қаласына алдағы уақытта 300 млн. теңгенің арнаулы техникасы сатып алынатын болады. Ол үшін қалалық əкімдік қазірден бастап бюджетке тапсырыс беріп, «Арнаулы автобаза» ЖШСіне инвестициялық бағдарламасын қайта қарау жөнінде ұсыныс та жасап қойған. Арнаулы көлік құралдары алдағы көктемде жəне жаз мезгілінде алынады деп күтіліп отыр. Қала басшысының сөзіне қарағанда, соңғы ақпар бойынша қаладан 15 мың текше метрден астам қар шығарылған.

Ербол БИСЕКЕНҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button